"Философия" пәнінен республикалық олимпиада

 

2015 жылдың 27-28 наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң Ғалымдар Клубында  философиядан республикалық олимпиада шығармашылық және достық   жағдайында өтті. Барлық командалар өте қызықты, креативті, жаңашыл және өзекті бағдарламалар дайындады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің «Философия» мамандығының 3 курс «Ақыл-ойдың аристократтары» командасы мықты өнер көрсетіп, жюридің шешімімен Олимпиада жеңімпазы атанды. «Философия» мамандығының 1 және 2 курс студенттерінің «Эврика» и «Философия тарландары», ҚР ҰҚК шекара қызметі Академиясының «Оперативные мыслители», С.Асфендиаров атындағы Қазақ Мемлекеттік медицина университетінің «Демикандиум» командасы, ҚазҰУ география факультеті студенттерінің «Философия қырандары» командалары жүлделі орындарға ие болды. КарГУ им.Е.Букетов атындағы ҚаРМУ командасына диплом тапсырылды.

Олимпиадаға қатысушы барлық командаларға сертификаттар, кітаптар және ескерткіш сыйлықтар тапсырылып, ҚазҰУ кампусы мен музейіне экскурсия ұйымдастырылды.

Отандық философия патриархы, философия ғылымдарының докторы, профессор М.Ш.Хасанов олимпиадаға қатысушыларғы арнап «Философияның адам мен қоғам өміріндегі рөлі» тақырыбына көшбасшылық дәріс оқыды.

Сонымен қатар, олимпиаданы ұйымдастырушылар мен оған қатысушылар философия кафедрасының доценті О.Борецкийдің «Smart-Cinema» киноклубының мәжілісіне қатысты.

Басылым күні :  30.03.2015