Smart Cinema.«Кенже» фильмін талқылау

2015 жылдың 22 наурызында №9 жатақхананың акт залында философия кафедрасының доценті Олег Борецкийдің «Smart-Cinema» киноклубы аясында Ермек Тұрсыновтың жаңа фильмі «Кенже» көрсетіліп, талқыланды. «Кенже» – қылмыс жолына түсуге мәжбүр болып, жауларға айналған ағайынды екеудің тарихы. Бірақ аға мен іні бір-біріне қарсы тұрғанда, олардың туыстығы ұмыт болады... Ермек Тұрсыновтың бұл туындысы «Келін», «Шал» фильмдерінен басталған трилогияның соңы.

Фильмнен кейін әртүрлі факультеттердің оқытушылары мен студенттері қатысқан талқылау өтті. Оның барысында адамгершілік таңдау, намыс, абырой және ақша үстемдігі мәселелері сөз болды. Сонымен қатар, Қазақстан киносының қазіргі жағдайы мен болашағы қарастырылды.

Басылым күні :  24.03.2015