Smart Cinema:

    2017 жылдың 20 қазанында "Цезарь" кинотеатрында Smart Cinema бағдарламасы (Алматы Халықаралық мектебі, "Мирас" мектебі, №1 гимназия және ҚазҰУ философия кафедрасы) бойынша биылғы оқу жылындағы екінші шара өткізілді. Ол "Экология: техногендік және стихиялық апаттар" тақырыбына арналды. Табиғи апаттар туралы баяндайтын "Геошторм" (2017, АҚШ) фильмі көрсетілді. Оның негізгі концептілері:  триллер, катастрофа, техникалық прогресс, экология.
     Әдебиет пәнінің оқытушысы Л.Титова өзінің кіріспе сөзінде "Біз кімбіз? Қайданбыз? Қайда бара жатырмыз?" деген философиялық сұрақтар туралы сөз қозғады.
    Философия кафедрасының доценті О.Борецкий өткізген талқылауда экологиялық білімнің маңызы, адамның жауапкершілігі және планетарлық ойлау туралы пікірталас өтті.

 

Басылым күні :  24.10.2017