100 кітап
Қарашаның 2-і күні Философия кафедрасының ассистенті Жалмағамбетова С. инновациялық «100 кітап» жобасы аясында халықаралық құқық мамандығының 2-курс студенттерімен қазақтың ұлы ағартушысы А.Байтұрсыновтың өлеңдері мен шығармаларын талқылады. Талқылау барысында студенттер А.Байтұрсыновтың өлеңдерінен мәнерлеп үзінділер оқыды. Бұл өткізілген шара студенттердің рухани дүниесінің деңгейін байыта түскені сөзсіз.
Басылым күні : 25.11.2016