100 кітап. Маған Философия пәні не берді?

   2016 жылдың 15 сәуірінде Философия кафедрасының оқытушылары Г.З.Абдрасилова және Т.Барақбаева «100 кітап» жобасы шеңберінде Химия факультетінің екінші курс студенттерінің қатысуымен «Маған Философия пәні не берді?» тақырыбында әңгіме өткізді.

   Әңгіме барысында студенттер Философия пәнін оқу барысында алынған білімді өз өмірлеріне басшылыққа алуға лайықты деп санайтынын баяндады. Өздері маңызды, пайдалы деп тапқан идеяларды атап, сол арқылы өз көзқарастарының қаншалықты өзгергені, кеңейгені туралы ойларымен бөлісті. Талдау соңында студенттер «Философия пәні – бүкіл адамзат игеруге тиіс, маңызды рухани қазына» деген тұжырым жасады.






  



Басылым күні :  04.05.2016