Студенттер мен жас ғалымдардың "Фараби әлемі" халықаралық конференциясы
2016 жылдың 12 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ІІІ Фараби оқулары аясында өткізілген студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясының «Мәңгілік Ел – қазақстандық бірегейлік негізі», «Қазіргі жастардың руханилық-дүниетанымдық құндылықтары» секцияларының жұмысы қызықты да мазмұнды болды.
ҚазҰУ, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттері, магистранттары және докторанттары, Алматы қаласындағы №145 мектеп, №1 гимназия және… Н.Ә.Назарбаевтың Білім беру Қорының Алматы Халықаралық мектебі оқушылары қазіргі заманның өзекті тақырыптарына арналған 24 баяндама жасап, конференцияға қатысушы жастар мен ұстаздар оларды қызу талқылады.
Қазылар алқасы «Философия» мамандығының 2 курс студенті Мейрамбекова Айымның, осы мамандықтың 1 курс магистранты Жанықұлов Нұрлыбектің және әл-Фараби атындағы №145 мектептің 10 сынып оқушысы Бәкірова Эльмираның баяндамаларын үздік деп жариялап, дипломдармен және кітаптармен марапаттады. Оқушылардың ұстаздары Ұ.Д.Досаеваға, С.Қыстаубаеваға және Л.Н.Титоваға Философия және саясаттану факультетінің деканы Ә.Р.Масалимованың алғысхаттары тапсырылды.