SLS HOMO.

2014 жылдың 25 қазанында SLS HOMO клубының мәжілісі өтті. Аль Фараби атындағы ҚазҰУ «100 кiтап» жобасының аясында   Аристотельдін «Саясат» жұмысы талданды.

Аристотель (грекше: Ἀριστοτέλης Aristotélēs) (б.з.д. 384 — б.з.д. 322 жылдар) — грек пәлсапашысы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, метафизика, ақындық өнер, театр,музыка, логика, шешендік өнері, саясат, үкімет, этика, биология және зоология.

Аристотель кезінде көптеген өте көркем шығармалар мен диалогтар (Цицерон оның әдеби стилін «алтын өзен» деп атаған) жазса да, оның жазбаларының көпшілігі бізге дейін жетпеген. Оның кейбір еңбектері біресе табылып, біресе қайта жоғалып отырды. Кейбір пайымдаулар бойынша, оның жазбаларының тек бестен бірі ғана сақталған.

Александр Македонский Аристотель шәкірті болғандықтан, оған патша тағына отырғаннан кейін Александр Аристотельге ескерткіш орнатып, былай деп жазыпты: “Бұл ескерткішті Никомаха ұлы, данышпан, құдіретті Аристотельге қойған Александр”. Кезінде ол Платонды өмірден идеяны жоғары қойғаны, нақты өмір оның көлеңкесі дегені үшін қатты сынға алды. Бірақ, Аристотель түр мен мазмұн арақатынасын зерттеп, алғашқыны түрге берген. Мәселен, кірпіш – түр, ал сол кірпіштің негізі болып, қалыпқа құйылған материал (батпақ) – материя, яғни мазмұн деп қарады. Ол формальды логиканың Аристотель ашқан 1.Дәлме-дәлдік; 2. қайшылық; 3. жоққа шығару заңдары.

Аристотельдің ілімін дамытып, дүниеге танытқан ұлы шәкірттерінің бірі ұлы жерлесіміз — Әбу Наср әл Фараби болды.

Басылым күні :  03.03.2015