Философия - өмір салты

Философия кафедрасы 23.10.2014 жылы, 16.00-де 7-11 сыныптар арасында Алматы қаласындағы КГУ №2 балалар үйінде «Философия өмір үлгісі ретінде» атты қамқорлық іс-шарасын өткізді.

Бұл іс-шараға Балалар үйінің жетекшісі, мұғалімдер және тәрбиешілер қатысты.

Жақсы атмосферада өткен іс-шарада Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия кафедрасы, философия мамандығы туралы баяндамамен ф.ғ.д. доцент Еділбаева С.Ж., аға оқытушы Нығметова А.Т. сөз сөйледі.

4-курс студенттері Уалиев Бекұлан және Жангужанова Айгерим болашақ мамандықты таңдауға көмектесетін тұлға типін анықтайтын тест өткізді. Балалар бұл іске үлкен қызығушылықпен қарап, белсенділік танытты. Олардың әрқайсысы болашақта қандай мамандықты таңдайтынымен ой бөлісті.

3-курс студенті Розахунов Рамиль « Философия, әлемтану, жеке тұлғаның жауапкершілігі және бостандық жайында» әнгіме жүргізді. Қатысушылар қызығушылықтар танытып, сұрақтар қойып, тақырыпты талқылады.

3-курс студенті Ержанова Айдана өмірге қажетті заттарды есте сақтауға және есте сақтауды жақсартуға көмектесетін ойын-тренингтерін өткізді. Қатысушылар ойынға белсенділік танытты.

3-курс студенті Ақылбеков Мади ойын жаттығуын өткізді. Қатысушылар өздерін белгілі бір фирмаға жауапты қызметке қабылдағанын және өздері жайлы мәлімет бар түйіндемемен таныстырды. Жаттығудың мақсаты өздеріне және өздерінің мүмкіндіктеріне сенімді болуға үйретті. 


Басылым күні :  02.03.2015