100 кітап. Әл-Фарабидің логикалық трактаттары

 

2016 жылдың 30 қаңтарында "100 кітап" жобасының аясында Философия кафедрасының және Кіші Фараби академиясының ұйымдастыруымен Әл-Фарабидің логикалық трактаттарын талдауға арналған мәжіліс өтті.

Ғылыми мәні зор бұл шараға белгілі фарабитанушы, философия ғылымдарының докторы, ҚР БҒМ Философия, саясаттану және дінтану Институтының жетекші маманы Ғалия Құрманғалиева, танымал логик, философия ғылымыдарының докторы, профессор Сағади Бөлекбаев арнайы шақырылды.

"Философия" мамандығының студенттері әл-Фарабидің логикалық трактаттары бойынша баяндамалар жасап, қонақтар өз ойларымен бөлісті.

Кіші Фараби Академиясының жетекшілері, кафедра доценттері Лесхан Асқар мен Пірімбек Сүлейменов қонақтар мен студенттерге ризашылықтарын білдірді.

 

 

Басылым күні :  08.02.2016