"Smart Cinema" клубы

     2016 жылдың 28 қаңтарында  "Smart Cinema" клубының бесінші шарасы өтті. Ол "Библия мазмұны" тақырыбына ("Сенім және наным" концептерін бекіту) арналды.

    Алматы Халықаралық мектебінің, №1 мектеп-гимназиясының және "Мирас" мектебінің оқушыларына Көнеөсиет мазмұнына және ежелгі мифтерге негізделген, белгілі тұлға Нойға арналған "Ной" фильмі (2013, АҚШ) көрсетілді. 

   Киноклуб басшысы, философия кафедрасының доценті О.М.Борецкий мен әдебиет пәнінің оқытушысы Л.Титова тұлғаның қалыптасуындағы экологиялық және этикалық категориялардың, мифология мен діннің мәдени-тарихи рөлін атап өтті. Кешіру және сынау ұғымдарына ерекше назар аударылды. Оқушылар көрсетілім қорытындылары бойынша эссе жазып, фильмді бағалайды және өздері алған әсерлерін баяндайды.

Басылым күні :  08.02.2016