Қазақстанның Тұңғыш Президенті Күніне арналған кеш
Философия кафедрасы 2015 жылдың 26 қарашасы күні №9 жатақханада Қазақстанның Тұңғыш Президенті Күніне арнап факультет деңгейінде кеш өткізді. Студенттерге Н.Ә.Назарбаев туралы мазмұнды фильм көрсетіліп, "Сіз Президент туралы не білесіз?" тақырыбына викторина ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға ескерткіш сыйлықтар тапсырылды.
Ұйымдастырушылар: кафедра меңгерушісі Г.Ж.Нұрышева, кафедра меңгерушісінің орынбасарлары Ж.А.Әмірқұлова,А.Х.Рамазанова, ассистент Г.М.Қонаева.
Басылым күні : 29.11.2015