Smart Cinema

 

    2015 жылдың 26 қарашасында Smart Cinema клубының үшінші мәжілісі өтті. Ол "Ғылымдағы жаңалық" ("Ақиқат, шындық, ғылым, жаңалық" концептілерін бекіту) тақырыбына арналды. Алматы Халықаралық мектебі, №1 мектеп-гимназия және "Мирас" мектебінің оқушыларына біздің дәуіріміздің 4-5 ғасырларының оқиғаларына негізделген және бірінші әйел ғалым Гипатияға арналған "Агора" фильмі көрсетілді. 

   Киноклубты жүргізуші, философия кафедрасының доценті О.М.Борецкий және әдебиет пәнінің  оқытушысы Л.Титова өздерінің кіріспе сөздерінде танымдағы мақсаттылық, құштарлық және қайсарлықтың маңыздылығын атап көрсетіп, ғылым мен діннің күрделі қарым-қатынасына назар аударды. Көрсетілімнің қорытындылары бойынша оқушылар фильмнің бағасы мен рефлексиясы туралы эссе жазады. 

 

Басылым күні :  27.11.2015