100 кітап. Әл-Фараби

2015 жылдың 23 қарашасында философия кафедрасының профессоры, Әл-Фараби орталығының директоры Ж.А. Алтаев, философия кафедрасының аға оқытушылары Ә.А. Құранбек, Ш.Ш. Әлиев «100 кітап» жобасы аясында Әл-Фараби кітапханасының «Жас ғалымдар залында» Тарих факультетінің 2 курс студенттерімен Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактатын» талқылады. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, өз пікірлерімен бөлісті. Соңынан Шығыстың ұлы ойшылы Әл-Фараби туралы фильмді тамашалап, мұражайды аралады.

Басылым күні :  26.11.2015