Профессор Н.М.Смирнованың дәрістері

2015 жылдың 3-14  қараша аралығында белгілі Ресей ғалымы, философия ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ғылым академиясы Философия Институты шығармашылық философиясы бөлімінің меңгерушісі, профессор Н.М.Смирнованың лекциялары өтті.   

"Философия " мамандығының студенттері, магистранттарымен және докторанттарымен белсенді дикурс түрінде өткен лекциялар әлеуметтік феноменологияның қалыптасуы, дамуы және қазіргі жағдайына арналды. Профессор Смирнова философия кафедрасының магистранттары мен докторанттарының зерттеу тақырыптары бойынша да кеңестерін берді. 

Белгілі маманның дәрістерін жас ғалымдар қызыға тыңдады, ал кафедра басшылығы "ҚазҰУ достары" клубының мүшесі профессор Н.М.Смирновамен ынтымақтастықты жалғастыру жоспарларын айқындады. 

 

 

 

 

 

Басылым күні :  16.11.2015