"Оқулық гуманитарлық-сұхбаттық жоба ретінде" Дөңгелек үстелі

Философия кафедрасының меңгерушісі Г.Ж.Нұрышева, кафедра профессоры А.С.Сырғақбаева  2015 жылдың 22 қазанында "Қазақстанның рухани өмірі: тарих және қазіргі заман" халықаралық ғылыми-теориялық конференция аясында өткізілген "Оқулық гуманитарлық-сұхбаттық жоба ретінде" Дөңгелек үстеліне қатысып, "Философиялық пәндер бойынша оқулықтар мен оқу құралдары: жаңа трендтер" тақырыбына баяндама жасады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар баяндамашылар таныстырған "Философия", "Ғылымның тарихы мен философиясы" пәндері бойынша жаңа Типтік оқу бағдарламаларына, ҚР БҒ Министрлігінің грифі берілген: Г.Ж.Нұрышеваның қазақ тіліндегі "Философия", М.Ш.Хасанов, В.Ф.Петрова, Б.А.Джаамбаеваның қазақ және орыс тілдеріндегі "Философия" оқулықтарына, ҚР БҒ Министрлігінің РОӘС ұсынған "Әл-Фараби және қазіргі заман" (ҚазҰУ ректоры Ғ.М.Мұтановтың басшылығымен дайындалған) оқу құралына және философиялық пәндер бойынша тағы басқа жаңа оқулықтар мен оқу құралдарына үлкен қызығушылық танытты.

Басылым күні :  26.10.2015