Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!

2015 жылдың 25 қыркүйегінде Философия кафедрасының аға куратор-эдвайзері Т.А.Барақбаева "Философия" мамандығының 2 курс студенттерімен  Мемлекеттік Тілдер күніне арнап "Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!" атты тәрбие сағатын өткізді. Кафедра меңгерушісі Нұрышева Г.Ж., меңгерушінің орынбасарлары Әмірқұлова Ж.А., Рамазанова А.Х. қатысқан тәрбие сағатында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың елімізде жүргізіп отырған тілдік саясатының тигізіп отырған  оң әсерлері талқыланды.Тіліміздің өз отанымызда қаншалықты беделді және қолданылатын  деңгейі қандай деген сұрақтарға  топ студенттері өз көзқарастарын білдірді.

 

Басылым күні :  07.10.2015