«Дала өркениетіндегі философиялық ойлардың ерекшелігі» тақырыбында командалық пікірталас

Философия мамандығының 3 курс студенттерімен 16 қараша күні сағат 16.00-де Халықаралық қатынастар факультетінің үлкен залында оқытушы Ж.Н. Казиеваның ұйымдастыруымен Қасабек Аманжол Қасабекұлының 80 жылдығына, Бүкіләлемдік Философия күніне арналған «Қазақ философиясын зерттеудің әдіснамалық негіздері» апталығының аясында "Дала өркениетіндегі философиялық ойлардың ерекшелігі" тақырыбында командалық пікірталас өтті. "Сансара", "Идеалистер", "Жалын", "Еркіндік" атты командалар сайыста өз қабілеттерімен өте жоғары деңгейде өнер көрсетті. Командалар өздерін таныстырып, философтарды жасырып, сұрақ-жаупқа жауап беру арқылы сайысқа түсіп әділқазылар бағасымен бағаланды. Топ жарып, жоғарғы бағаланған "Сансара" командасы дипломмен марапатталды.

     Сайысымызға өз бағасын берген әділқазылар кафедра оқытушылары: Аташ Б. М., Нығметова А. Т., Балабекұлы Д., Пернебекова Д. П.

Басылым күні :  23.11.2023