Болмыс пен диалектика

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультетінің  философия кафедрасы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, философия ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сәбиттің 85 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шығармашылық апталығын өткізеді. Диалектикалық логиканың отандық мектебін дамытуға атсалысқан еліміздегі көрнекті философтың кафедра білім алушыларымен кездесуі өтіп, көшбасшылық дәрісі оқылады және өмірі мен шығармашылығына арналған дөңгелек үстел мен ашық сабақтар өтеді. Диалектикалық логика мен философияның өзекті мәселелері қызықтыратын барлық білім алушыларды шақырамыз! Қыркүйектің 30 күні сағат 11.00-де философия және саясаттану факультетінің 316 аудиториясында "Болмыс пен диалектика" тақырыбында аға оқытушы Қошқарбаев Ерболат Еркінұлының ашық сабағы өтеді.

Басылым күні :  30.09.2023