Цифрлық технологиялар және философиялық әдістеме: құқықтық және практикалық аспектілері

           

Пресс-релиз

Құрметті әріптестер!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті философия кафедрасының Ғылыми-білім беру орталығының ұйымдастыруымен өтетін «Цифрлық технологиялар және философиялық әдістеме: құқықтық және практикалық аспектілері» атты Халықаралық жазғы мектептің жұмысына қатысуға шақырамыз.

 

Өткізілетін күні:

Уақыты:

Өткізілетін жері:

 

18-30 қыркүйек 2023 жыл

18:30 сағ.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті, Алматы қ., Масанчи көшесі 39, 413 кабинет

Конференция ұйымдастырушылары

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Философия және саясаттану факультеті

Философия кафедрасы

Философия кафедрасының Ғылыми-білім беру орталығы

Конференция жұмысының негізгі бағыттары

 

Халықаралық Жазғы мектеп әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия кафедрасы Ғылыми-білім беру орталығының Еуропалық Одақтың «Жан Монне Эразмус + модуль" бағдарламасы аясындағы «Digital humanities in the Republic of Kazakhstan: local solutions for global problems» (2020-2023)» халықаралық жобасын іске асыру шеңберінде әзірленген.

Магистранттар мен докторанттардың кәсіби даму қажеттіліктері мен қызығушылықтарын қамтитын осы жазғы мектеп аясында тыңдаушылар өздерінің кәсіби, педагогикалық дағдыларын дамытады, француз философиялық әдіснамасының практикалық элементтерін игереді, мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіріп, тереңдетеді. Сондай-ақ цифрлық технологиялардың белсенді дамуы жағдайында плагиат құбылысымен күресудің тарихы мен қазіргі заманғы еуропалық заң практикасымен танысатын болады.

 

Жазғы мектептің негізгі спикері: философия ғылымының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия кафедрасының аға оқытушысы, Еуропалық Одақтың «Жан Монне Эразмус + модуль» бағдарламасы аясындағы «Digital humanities in the Republic of Kazakhstan: local solutions for global problems» (2020-2023)" халықаралық жобасының жетекшісі Тұрарбекова Лаура Владимирқызы.

Анықтама телефондары 

Тұрарбекова Лаура Владимировна,

+ 7 702 341 2875

Осербаев Елдос Нұрланұлы,

+ 7 700 140 4054

Кафедра телефоны: 8(727) 377 33 33 (2130)

        

Басылым күні :  21.09.2023