Хабарландыру!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасы жанындағы "Кіші Фараби академиясының" ұйымдастыруымен Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Берекет Бақытжанұлы Кәрібаевпен "Қазақстанның хандық дәуір тарихы: ақиқаттар мен ақтаңдақтар" тақырыбында кездесу өтеді. Қазақ хандығының тарихын көп жылдар бойы зерттеген тарихшы-ғалым Б.Б. Кәрібаев жалпы саны 700- ге жуық ғылыми, ғылыми-әдістемелік жұмыстар мен оқу құралдарының авторы. Ұлттық тарих туралы білімді тереңдетіп, тарихтан тағылым алуға барша студенттер қауымын  шақырамыз!

 

Басылым күні :  15.03.2023