Хабарландыру!

Ақпан айының 24-і күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әл-Фараби кітапханасының 416 конференц залында философия және саясаттану факультетінің «Ашық есік күні» аясында философия кафедрасы жанындағы «Кіші Фараби академиясы» ұйымдастыруымен белгілі жазушы, этнограф, қоғам қайраткері – Зейнеп Ахметовамен кездесу өтеді. Зейнеп Ахметова – батыр Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы, қазақы дәстүрлерді насихаттаушы. «Шуақты күндер», «Бауыржан батыр», «Бабалар аманаты», «Әзіліңді сағындық» және бала тәрбиесіне арналған «Күретамыр» кітаптарының авторы.

Басылым күні :  16.02.2023