Хабарландыру!

Құрметті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері, профессорлары, қызметкерлері!

Дүниежүзілік философия күні қарсаңында философия және саясаттану факультетінің Философия кафедрасы баршаңызды академик, философия ғылымдарының докторы, философия кафедрасының профессоры Ғабитов Тұрсын Хафизұлының шығармашылық апталығы аясында ұйымдастырылған философиялық залға шақырады. Арнайы қонақ Францияның құрметті профессоры, Академиялық пальмалар орденінің қолбасшысы, Қазақстан Республикасы Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Алтын медалінің иегері Альберт Фишлер.

Күні мен уақыты: 27.10.2022, 14:30-17:30

Өткізілетін жері: Философия және саясаттану факультеті, 123 аудитория

Басылым күні :  26.10.2022