ПРОФЕССОР ЗАДА ОРАЗҒАЛИҚЫЗЫ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ДЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің арасындағы ынтымақтастық аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Тарих факультетінің профессоры, т.ғ.д. Дүкенбаева Зада Оразғалиқызы 2022 жылдың наурыз айының 2-15 күндері аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің оқытушылары мен білім алушыларына 72 сағат көлемінде арнайы дәріс өткізді.

Дәріс тақырыбы: «Ақжан әл-Машани және қазақстандық фарабитану».

Дәріс барысында студенттер сұрақтар қойып, арнайы қызығушылықтарын танытты.

 

 

Басылым күні :  17.03.2022