PhD ДОКТОРАНТ ИМАНҒАЛИЕВ АЛМАС ТЕМІРБЕКҰЛЫ ҚР БҒМ «ФИЛОСОФИЯ, САЯСАТТАНУ ЖӘНЕ ДІНТАНУ» ИНСТИТУТЫНДА ДӘРІС ОҚЫДЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің арасындағы ынтымақтастық аясында, 2022 жылдың наурыз айының 4-ші жұлдызында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Тарих факультетінің 3-курс докторанты Иманғалиев Алмас Темірбекұлы, Ғылыми жетекшісі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д., Дүкенбаева Задаш Оразғалиқызымен бірлесіп ҚР БҒМ «Философия, саясаттану және дінтану» институтында дәріс оқыды.

Дәріс тақырыбы: «Тұңғыш фарабитанушы-ғалым Ақжан әл-Машани мұраларының зерттелуі мен зерделенуі».

Дәріс барысында студенттер сұрақтар қойып, арнайы қызығушылықтарын танытты.

 

 

Басылым күні :  17.03.2022