"Жыр алыбы - Жамбыл"

Қазақтың біртуар ақыны, жырау әрі жыршы – Жамбыл Жабаевтың 175-жылдық мерейтойына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық конференция философия кафедрасы «Кіші Фараби» академиясының ұйымдастыруымен өткізілді. Конференция қонақтары – жамбылтанушы-ғалым, филол.ғ.д., ҚазҰУ профессоры – Бұлдыбай Анарбай Сағиұлы, айтыскер акын, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты –– Әбдібеков Нұрлан Әбдуәлиұлы, Жамбыл немересі, Ж. Жабаевтың әдеби мемориалды музейінің меңгерушісі – Жамбылова Салтанат Тезекбайқызы, жамбылтанушы-ғалым, филол.ғ.д., қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының доценті – Мәуленов Алмасбек Анықбекұлы. Конференция барысында Жамбыл атамыздың мұрасы, поэзиясының ерекшелігі айтылып, өлеңдері мен жырлары оқылды. Ж.Жабаевтың немересі – Салтанат Тезекбайқызы, атасының өнегелі өмірі туралы естеліктерді айтып, мұрасының әлі де зерттелу керек екендігін айтты. Жамбыл мұрасын ұзақ жылдар бойы зерттеген Әбдібеков Н.Ә. Жамбылдың таңдамалы шығармаларын қайта басу қажеттілі туралы атап өтті.

Басылым күні :  25.05.2021