Философия күні

«Кіші Фараби» академиясының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік Философия күніне арналған тамаша іс-шара өткен болатын. Қазақстанның танымал философтары – филос.ғ.д., професссор, ҚР ҒБМ ҒК Философия және саясаттану институтының бас ғылыми қызметкері – Нұрмұратов С.Е., филос.ғ.д., М.Әуезов атындағы ОҚМУ профессоры – Сүлейменов Т.А., филос.ғ.д., Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры – Аташ Б.М., филос.ғ.д., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры – Ғабитов Т.Х., филос.ғ.д., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ құрметті профессоры – Алтаев Ж.А., филос.ғ.д., Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ профессоры – Раев Д.С. өз баяндамаларында философияның өзіндік ерекшелігін, философтың табиғи болмысы, философия пәніне деген қызығушылықты арттыру, философияны оқитын маманның өзіндік талаптары мен өзінде қалыптастыру керек дағдылар туралы ойлармен бөлісті. Бұл расымен де сырлы сұхбат болды.

Басылым күні :  25.05.2021