«СБИ мен старт-аптарды құру» тақырыбында семинар-тренинг

2018 жылдың 7 ақпанында Ғылыми-технологиялық парк базасында Халықаралық қатынастар факультетінің бастамасымен «СБИ мен старт-аптарды құру» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренинг студенттік бизнес-инкубаторларды құру мен өз идеяңды Старт-ап жобасына айналдыру жолдарына арналды. Факультет студенттері мен оқытушыларына EXPO 2017: Future energy қарсаңында альтернативті энергия мен жасыл технологияны дамыту мақсатында оқытушылар мен студенттермен жасалған жасыл технология Зонасына экскурсия жасалды. Сондай-ақ студенттер Ғылыми-технологиялық паркте орналасқан компаниялармен және Старт-ап компанияны тіркеген жағдайда студенттерге берілетін инфраструктурамен танысты. Прентацияны Ғылыми мәселелер бойынша директордың орынбасары Ақтымбаева А.С. және жоба менеджерлері Нурулы Е. және Шыназарова Т. оқыды.

Презентация барысында өз жобаңды бастау жолдары мен оны дұрыс бағытта жүргізу туралы нұсқаулықтар берілді. Тіркеуге қажет құдаттар тізімі туралы ақпарат берілді. Студенттер өздерінің қызығушылықтарын білдіріп, сұрақтар қойып, белсенділік танытты. 

 

Басылым күні :  19.02.2018