«Coworking ерекшеліктері және қоғамданудың студенттерге пайдалы жақтары»

2017 жылдың 8 қараша күні «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Toastmasters Almaty» ұйымының үздік спикерлерінің бірі Темирланов А.Т. қатысуымен «Coworking ерекшеліктері және қоғамданудың студенттерге пайдалы жақтары » атты тәрбиелік іс-шарасы жатақханада өткізілген болатын. Спикер мен студенттер арасында қызу талқылау жүргізіліп, біраз мәселелер шешілген болатын. Сонымен қатар, спикер студенттерге қазіргі таңдағы coworking орталықтарының жұмысы туралы, олардың пайдасы және студенттерге әкелер пайдасы туралы мәлімет берді. Сұрақтар қою арқылы студенттер өздерін қызықтарған мәселелер бойынша жауап алды.

http://www.kaznu.kz/ru/16146/page/

Басылым күні :  21.11.2017