Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері

2017 жылдың 27 қазанында 13:00-де халықаралық құқық кафедрасының оқытушылары Нысанбекова Л.Б., Абдрахманова Э.С. және Умбетбаева Ж.Б. жетекшіліктерімен халықаралық қатынастар факультетінің Кіші залында «Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері» атты іс-шара өткізілді.Осы іс-шараның арқасында халықаралық құқық мамандығының үшінші курс 62Р тобының студенттері бұрын білмеген қазақ халқының әдет-ғұрыптарымен танысты.Үшінші курс студенттері Болат Жамиля, Елеусизова Алия, Ким Александра және Ахметова Алуа қазақ халқының салт-дәстүрлерін әртүрлі блоктарда бөліп, олардың пайда болуы туралы айтып берді.Іс-шара өзінің мақсатына жетті, үшінші курс студенттері қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері туралы көбірек ақпарат алды.

http://www.kaznu.kz/ru/16146/page/

Басылым күні :  21.11.2017