"Елі сүйген, елін сүйген елбасы” атты іс-шарасы

18.11.2016 ж., сағат  17.00, Халықаралық құқық мамандығының қазақ бөлімінің екінші курс студенттерінің ұйымдастыруымен және оқытушылармен Алтаева К. Ж., Досымбекова М.С., Жайлау Ж., Нысанбекова Л.Б.  қолдауымен тұңғыш президент күніне орай “Елі сүйген, елін сүйген елбасы” атты іс-шарасы өткізілді. Кеште, топ студенттерінің, оның ішінде Айтан Карина, Ашимова Аида, Жақсылық Мәдинаның  Елбасына арнаулары орындалды. Сонымен қатар, топ студенттері Елбасының өмірі, жанұясы, қызметтік жолы және шығармашылық еңбектері туралы баяндамаларын оқыды.

Содан соң, баяндамаға қатысты викториналық сұрақтар қойылып, жауап бергендер жүлделі болды. Кештің соңында, қонақтар мен ұйымдастырушылардың бірігуімен “Атамекен” әні орындалды. Кеш қонақтары әзірленген баяндамаларды қызыға қарады, ал Оразбай Арайлым мен Жақсылық Мәдинаның орындауындағы “Туған Жер” әнін толғана тыңдады.

Басылым күні :  26.12.2016