Мәскеу қаласының Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясында өткізілген «ДСҰ моделі-2016» III Халықаралық байқауы

       ҚазҰУ командасы осы қалыбыңнан тайма !!! Құттықтаймыз!!!

       2016 жыл қарашаның  23-25 аралығында  «халықаралық құқық» мамандығы студенттері, команда құрамында: Садуақасова Ақбота, Қасымова Ділбар, Слета Виктория, Щербакова Светлана  Мәскеу  қаласының Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясында өткізілген «ДСҰ моделі-2016»  III Халықаралық байқауға қатысты.

       Байқау сайыс күйінде командалар арасында және жеке қатысушылыр арасында ДСҰ құқығы білімі және кейс түрінде  мәселелерді шешу негізінде өтті. Байқау екі: күндізгі және сырттай кезеңдерінен тұрды.

     

ҚазҰУ командасы халықаралық құқық кафедрасы доктор PhD, доцент Баймағамбетова З.М. жетекшілігі астында,  байқауға қатысқан  әртүрлі 66 жоғары оқу орындарының ішінен ең үздік 20 команданың  қатарына кірді сонымен қатар қазылар алқасы жағынан жоғары бағаланды.

    

  Құттықтаймыз !!! Жас ҚазҰУ командасы алғаш рет халықаралық байқауға қатысып,  батылдық, табандылық, командалық рух, жеңіске деген талпыну мен Ресейдің ММУ, СПМУ, СПЭЖМ, ММЗА, БрССА сияқты жетекші жоғары оқу орыдарымен тең дәрежеде өздерін көрсете алды.

Біздің ең басты жетістігіміз «халықаралық құқық» мамандығының 4 курс студенті,  команда капитаны Садуақасова Ақбота (ҚазҰУ, ХҚ факультеті, ХҚ) қазылар алқасы шешімімен  «ДСҰ моделі-2016»  III Халықаралық байқаудың спикері,  Ең үздік ойыншы дәрежесі, диплом және бағалы сыйлықпен марапатталды.

       Халықаралық құқық кафедрасы Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясының басшылығына, Құрметті қазылар алқасына  әйгілі ДСҰ құқығы ғалымдары: з.ғ.д., проф. В.М Шумиловқа, қазылар алқасы төрағасы з.ғ.д. А.С Смбатянға, з.ғ.к., доценті Лифшиц И.М., з.ғ.к., доценті Баклан Д.С және сауда келіссөздері Минэкономдаму департаментінің эксперті бас маман О.С Бакланға осындай жоғары деңгейдегі халықаралық байқауды ұйымдастырғаны үшін өздерінің үлкен алғысын білдіреді.

Басылым күні :  14.12.2016