Тұңғыш Президент Күніне арналған Алматы қаласы №2 Балалар үйінің жетім балаларымен әлеуметтік-тәрбиелік студенттердің кездесу іс-шарасы

2016 жылдың 17 қараша күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті халықаралық құқық кафедрасының оқытушылары Умбетбаева Ж.Б., Курманғали М.Ш. және халықаралық құқық мамандығының 4 курс студенті Ибраимова М.Б. жетекшілігімен Тұңғыш Президент Күніне арналған Алматы қаласы №2 Балалар үйінің жетім балаларымен әлеуметтік-тәрбиелік студенттердің кездесу іс-шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шара мақсаты студенттерді жетім балаларға құрметпен және ұқыппен қарауға шақыру, балаларға мейрам сыйлау.

Кездесу барысында «Елбасы жолы» фильмінің үзіндісінің көрсетілімі және талқылауы болды, талқылаудан кейін балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мерекелік үстел жайылып, естелік сыйлықтар ұсынылды. Соған қоса, бұл мерекелік іс-шараға Біріккен Ұлттар Ұйымының Ақпарат Бюросының өкілі Властимил Самек пен оның көмекшісі Ален Куспанов шақырылды. Алматы қаласының №2 Балалар Үйінің жетекшілігі қайырымдылық шарасын өткізгені үшін халықаралық құқық кафедрасына үлкен алғыс білдірді.

Басылым күні :  05.12.2016