"Тәуелсіздік таңы"

02.11.2016 халықаралық қатынастар факультетінің №14 студенттер жатақханасында аға оқытушы, PhD докторант Нысанбекова Л.Б.,  мен доцент Досымбекова М.С. бастауымен халықаралық құқық мамандығының 3-курс студенттері арасында Тәуелсіздіктің жиырма бес жылдығына арналған, "Тәуелсіздік таңы"  атты іс-шара  өткізілді.

Бұл іс-шараның  басты мақсаты жас ұрпақтың  туған өлкемізге деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Іс-шараға «Алаш», «Болашақ», «Мұрагер», «Жас-Ұлан» атты топтар қатысып, өзін-өзі таныстыру, викториналық сұрақтар,Отандық кино-фильмдерді табу және ең үздік эссе байқауы мен көшбасшылар жарысы  бойынша кезеңдерде бір-бірімен сайысты.

Басылым күні :  05.12.2016