Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл толуына арналған дөңгелек үстел

4 қараша 2016 жылы сағат 13.30-да халықаралық қатынастар факультетінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушылары халықаралық құқық кафедрасының доценттері з.ғ.к. Түсүпова А.Ж., з.ғ.к. Өміржанов Е.Т. және халықаралық құқық мамандығы бойынша 1 курс орыс бөлімінің студенттері.
Дөңгелек үстел аясында тәуелсіз Қазақстанның алғашқы конституциялық актілерінің ролі мен маңызы талқыланды  және оларға салыстырмалы-құқықтық талдау жасалды.
Қорыта келгенде, студенттер еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктеріне тоқталып, Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі даму мүмкіндіктері жайлы ойларымен бөлісті.  

Басылым күні :  15.11.2016