«Ғажайып әдебиет әлемі»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қабырғасында 2016 жылдың 21 қазанында, халықаралық қатынастар факультеті Әлемдік экономика орыс бөлімінің 4 курс студенттерінің қатысуымен, «Ғажайып әдебиет әлемі» жобасы «100 кітап» аясында іс-шара өтті. 

Іс-шара қазақ және орыс тілдерінде поэзиялық тақырыпқа байланысты «Туындыны қанатты сөзге қарай тап» викторинасы, «Қазіргі талғамға сай алтын қордың құрамындағы кітаптардың мұқабасын түсіндіру» ойыны, «Кітаптың сипаттамаларын достарыңның түсіндіруіне байланысты тап» ойыны жүргізілді.

Сондай-ақ кітаптарды оқу артықшылықтары мен әдебиет тамаша әлеміне жастарды тарту қажеттілігі туралы пікірталас болды.

Халықаралық қатынастар факультетінің Халықаралық құқық кафедрасының оқытушысы, доцент М.С. Досымбекова ұйымдастырған және де доцент Баймагамбетова З.М., Алтаева К.Ж., аға оқытушы Нысанбекова Л.Б. қатысқан.

Басылым күні :  30.10.2016