"Неміс азаматтық құқығындағы жеке құқықтық казустарды шешу тәсілдері" тақырыбында онлайн-семинар

Ағымдағы жылдың сәуір айының 20-жұлдызында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "Азаматтық құқық" пәнінің оқытушысы Алтаева К.Ж. (PhD докторы) ұйымдастыруымен "Неміс азаматтық құқығындағы жеке құқықтық казустарды шешу тәсілдері" тақырыбында онлайн-семинар өткізілді. Вебинарға аталған университеттің "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша қазақ және орыс бөлімінде оқитын 1-курс студенттері қатысты. Спикер ретінде Германияның Киль қаласында орналасқан Кристиан Альбреxт университетінің (Christian Albrechts Universität zu Kiel) докторы Азар Алиев қатысып, студенттерге осы тақырып бойынша амал-шарттар түсіндіп берді. Оның дәрістері барлығына ашық және тек xалықаралық факультетінің студенттері мен профессорлық-оқытушы құрамына ғана емес, сонымен қатар басқа да факультеттер мен жоғары оқу орындарының тыңдаушыларын қызықтырады.

Нәтижесінде, құқықтану саласының дамуының жаңаша бір серпіні заманауи әдістерді қолдана жүріп, болашақ заңгерлерді сол бағытқа үйрету негізінде өткізілген онлайн-семинар арқылы студенттеріміз осы салада дұрыс жұмыс жасау үшін қажет ақпарат алды. Бұл іс-шараның барысында неміс азаматтық құқығындағы "казус" ұғымын айқындау, біздің студенттерді оны шешу ретімен және ерекшеліктерімен таныстыру, Германияның құқық білімінің жүйесіне барынша тереңдете ену секілді тақырыптар қолғалды. Вебинарға қатысушылар спикерге өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды. Өте қызықты да маңызды ақпараттарды тыңдаған студенттер семинар соңында алған білімдерін ортаға салып талқылады.

Басылым күні :  14.06.2016