"Махаббат поэзиясынын патшасы- Мұқағали Мақатаев" атты кеш

12.04.2016 ж. "ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап" жобасы негізінде М.Мақатаевтың 85-жасына орай халықаралық құқық мамандығының қазақ бөлімінің 1 курс студенттері Алтаева К.Ж., Досымбекова М.С., Ахматалиева Г.У. мұғалімдердің жетекшілігімен "Махаббат поэзиясынын патшасы- Мұқағали Мақатаев" атты кеш өткізді. Кеш барысында "Сәби болғым келеді", "Шын ғашықпын" және т.б. өлеңдері оқытылды. Сонымен қатар М.Мақатаевтың өмірбаяны, жанұясы, шығармашылығы туралы студенттермен баяндамалар, презентациялар жасады. Соның негізінде студенттермен викторина ойнатылып сыйлықтар ұсынылды. Кештің соңына қарай жоғарғы курстың студенттері М.Мақатаевқа арнаған өлеңдерін оқыды.

Шығармашылық кештің қонақтары белсене қатысып өзінің қызығушылығын білдірді. Ерекше мәнге кештің қонақтарына соңында барлығымыз бірге айтқан М.Мақатаевтың әні әсер етті.

Басылым күні :  14.06.2016