Ашық есік күні

30 сәуір 2016 жылы сағат 14:00-де Халықаралық құқық кафедрасы ашық есік күнін өткізді. Іс-шараға Алматы қаласының 141, 36, 120, 138, 167 мектептерінің мектеп бітіруші түлектері өздерінің сынып жетекшілерімен бірге қатысты.

Іс-шараны кафедра оқытушылары Түсүпова А.Ж. және Өміржанов Е.Т. ұйымдастырып, факультеттегі мамандықтар жайлы толыққанды ақпарат берді.

Қонақтарды факультеттің студенттік өмірімен таныстырып, арнайы баяндама жасаған 2 курс студенті Тағайбек Қымбат әртүрлі сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, факультеттің кәсіби бағдар жұмысы бойынша жауапты Роза Мұратқызы мектеп оқушыларының оқу ақысы және өзге де сұрақтарына жауап берді. 

Басылым күні :  17.05.2016