Жазушысы Редьярд Киплингтің әйгілі "Джунгли кітабының" экранизациясын көру

2012 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың бастамасымен "100 кітап" жобасы әзірленіп, ҚазҰУ студенті оқуға тиіс шығармалар тізімі жасалды. Осы жобаның аясында 2016 жылдың 13 сәуір күні "Халықаралық құқық" мамандығының 3-курс студенттері және xалықаралық құқық кафедрасының оқытушысы Алтаева Камиля Жақыпбекқызы ағылшын жазушысы Редьярд Киплингтің әйгілі "Джунгли кітабының" экранизациясын тамашалады. Бұл кітапта қасқырлар асыраған үнді баласы Мауглидің xикаясы баяндалған. Өз мекенін тастап, саяxатқа аттанған Мауглидің бастан кешкен қызықты оқиғалары көрермендерге ұнағаны сөзсіз.

Басылым күні :  03.05.2016