Қазақ киносы cтуденттердің көзімен

2015 жылдың 20 қарашасы күні халықаралық қатынастар факультетінде «Айналаңды нұрландыр» жобасына сай «Қазақ киносы cтуденттердің көзімен» тақырыбындаорыс бөлімінің əлемдік экономика мамандығының 4 курс студенттерінің қатысуымен іс-шара өтті. Ұйымдастырушылар ретінде ХҚФ-нің халықаралық құқық кафедрасының оқытушылары доцент Досымбекова М.С., доцент қ. а. Алтаева К.Ж., аға оқытушы PhD доктаранты Нысанбекова Л.Б.

Іс-шара барысында студенттермен бірге келесідей тақырыптар қозғалды : «КСРО кезіндегі қазақстандық кинематограф», «Тəуелсіз Қазақстанның кинематографы»  және «Тимур Бекмамбетов – əлемдік режиссер, Қазақстанның тумасы». Сондай-ақ іс-шара барысында ойындар, викторина, "кино" тақырыбына блиц-сауалнама жүргізілді. Студенттермен бірге қазіргі кездегі кино, Қазақстанның əйгілі əртістері, Қазақстандық кинематографтың дамуы сияқты тақырыптар талқыға түсті.            

Басылым күні :  06.03.2016