«Тұрақты адамзаттық дамудың жаңа парадигмасы. G-Global – жаһандық диалог үлгісі»

 2014ж. 5-7 қараша күні халықаралық құқық кафедрасының ПОҚ з.ғ.д., академик С.Н.Сабикенов, з.ғ.д., профессор С.Ж.Айдарбаев, шақырылған PhD докторы С.Томас, з.ғ.д., профессор З.К.Аюпова, з.ғ.к. Ж.Т.Сайрамбаева, з.ғ.к. А.Ж.Тусупова, з.ғ.к. М.К.Самалдықов, з.ғ.к. М.Ш.Құрманғали, з.ғ.к. М.С.Досымбекова, з.ғ.к. Т.К.Ерджанов, з.ғ.к. Д.В.Татаринов, PhD докторы З.М.Баймағамбетова, PhD докторы К.Ж.Алтаева, аға оқытушы Ж.С.Жүнісов, аға оқытушы Л.Б.Нысанбекова, оқытушылар Д.У.Байтукаева, А.М.Бегжан «Тұрақты адамзаттық дамудың жаңа парадигмасы. G-Global – жаһандық диалог үлгісі» атты халықаралық конференциясына қатысты. Адамзаттың жаһандық мәселелері жөніндегі әлемдік деңгейдегі үш күндік кездесу ғалам дамуының осы заманғы парадигмасын, болашақтың жаңа үлгісін жасау үшін беделді халықаралық ұйымдар өкілдерінің бастарын қосты.

 ҚазҰУ-мен бірге конференцияны ұйымдастырушылар ретінде Бүкіләлемдік Өнер мен Ғылым Академиясы, Бүкіләлемдік Университеттер Консорциумы және ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы, ал тең ұйымдастырушылар қатарында – Рим және Мадрид клубтары, Халықаралық Жасыл Айқыш, сондай-ақ, ірі халықаралық қоғамдық бірлестіктер, жоғары оқу орындары мен қорлар шығып отыр. Қазіргі заманның өзекті мәселелері Президенттің «2050-Стратегиясында» айқын көрсетілген. Олардың қатарында: демографиялық үйлесімсіздік; азық-түлік мәселесі мен аштық; судың зәрулігі; әлеуметтік теңсіздік; құндылықтар дағдарысы; жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі және басқалар бар.

Басылым күні :  01.03.2015