«Ана - өмір шуағы» тақырыбына тәрбие іс-шарасы

2015 ж. 30 қарашада халықаралық қатынастар факультеті халықаралық құқық кафедрасы  «Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында «Ана - өмір шуағы» тақырыбына №14-ші Студенттер уйінде тәрбие іс-шарасын өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаттары – дүниедегі жақсылық атаулының барлығы күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру; ананы сыйлай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

Халықаралық құқық мамандығының 1 курс студенттері ана туралы ән айтып, өлең оқып өз өнерлерін көрсетті. Іс-шараның соңында плакаттар конкурсы өткізілді.

Ұйымдастырушылар: халықаралық құқық кафедрасының доценті з.ғ.д Машимбаева Г.А, з.ғ.к доцент Сайрамбаева Ж.Т және 2 курс қазақ бөлімінің магистранттары.

         

Басылым күні :  03.12.2015