«Ғаламторға тәуелділік» тақырыбына дөңгелек үстел

2015 ж. 30-ші қазанында халықаралық қатынастар факультеті халықаралық құқық кафедрасы «Салауатты өмір салты» бағдарламасы аясында «Ғаламторға тәуелділік» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаттары – жастардың арасындағы ғаламторға тәуелділіктің салдарын түсіндіру, жастарды тәрбиелеу және ғаламторды пайдалану кезіндегі қауіпсіздіктік сақтау.

Алматы облысының ІІІМ академиясының психология кафедрасының аға оқытушысы Бакирова А.М сөз сөйледі. Халықаралық құқық мамандығының 3 курс студенттері қоғамдағы ғаламторға тәуелділіктің пайда болуын алдын алу  мәселелері бойынша қызықты презентациялар көрсетті, ғаламтордың жағымды және жағымсыз жақтарын талқылады. Іс-шараның соңында плакаттар конкурсы өткізілді.

Ұйымдастырушылар : халықаралық құқық кафедрасының доценті з.ғ.д Машимбаева Г.А, з.ғ.к доцент Сайрамбаева Ж.Т және 2 курс қазақ бөлімінің магистранттары

Басылым күні :  03.12.2015