«Әлемдік және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары» тақырыбында онлайн бейнеконференция

2015 жылдың 24 сәуір күні Халықаралық қатынастар факультетінің Халықаралық құқық кафедрасы «Ай тұлғасы» жобасы шеңберінде «G-Global» интерактивті алаңында «Әлемдік және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары» тақырыбында онлайн бейнеконференция өткізеді.

Онлайн бейнеконференцияның мақсаты Орта Азияда аймағында аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсерін тигізетін факторларды анықтау болып табылады.

Талқылау және интерактивті диалог барысында Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздікті нығайту жолдарын анықтау, сонымен қатар жаһандық қауіпсіздікті аймақтық тетіктер арқылы нығайту мүмкіндіктерін іздестіру жоспарлануда.

Онлайн бейнеконференцияның нәтижесі мемлекетердің аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді нығайту шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты қолдауға ықпалын тигізеді, осы саладағы зерттеулер мен басылымдарда көрініс табады.

 

Бейнеконференцияда қарастырылатын мәселелер:

* посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үдерістер мән-мәтініндегі аймақтық қауіпсіздік мәселелері;

* халықаралық терроризм – Орта Азиядағы аймақтық қауіпсіздіке төнетінк қауіп;

* Орталық Азия елдерінің аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша халықаралық-құқықтық ынтымақтастығы;

* Ауғанстандағы жағдай және Оралық Азиядағы қауіпсіздіктің аймақтық жүйесін қалыптастыру.

 

Онлайн бейнеконференциясының қатысушылары: әл-Фараби ат. ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің Халықаралық құқық, Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы, студенттері, магистранттары және жас ғалымдары; проф. Пьер Шабаль (Гавр университеті, Франция); проф. Грегори Глиссен (АҚШ, Германия); проф. Дадабаев Т. (Цукуба университеті, Жапония); Охрименко А. (Берлин, Германия); проф. М. Хартвиг (Макс Планк ат. жария және халықаралық құқық Институты, Германия); Dr.Srikanth Kondapalli, JNU, (India); Stanislovas Tomas, France; Ж. Баласағын ат. Қырғыз ұлттық университеті (Қырғызстан); Л.Н. Гумилев ат. Еуразиялық ұлттық университеті (Астана қ.).

Өткізілу орны: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті, ректорат 306 кабинет сағат 15.00 (Астана уақытымен)

 

Қосымша сұрақтар бойынша байланыс телефоны +7 (727) 243-83-22,

моб.: +7 (702) 2632278 Баймагамбетова Зульфия Мажитовна

эл. почта: zula_bai@mail.ru

 

Құрметпен, ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Басылым күні :  07.05.2015