«Гендерлік теңдік және зорлық-зомбылықты жою: қазіргі әлемдегі әйелдердің жағдайын жақсарту» атты халықаралық дөңгелек үстел

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ХҚФ БҰҰ жәрдемдесу орталығы Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» көпелдік бөлімше ұйымымен бірлесе отырып 2017 жылдың 5 желтоқсанында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» атты жоба шеңберінде «Гендерлік теңдік және зорлық-зомбылықты жою: қазіргі әлемнің әйелдер құқықтары мен бостандықтарын кеңейту» тақырыбын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұнғыш Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының экс-министрі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Арыстанбекова Ақмарал Хайдарқызы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Алматыдағы ақпараттық кеңсесінің өкілдері Властимил Самек және Ален Куспанов, Орталық Азиядағы (Қазақстан)  «БҰҰ-әйелдер»  құрылымының көп мемлекеттік бөліміндегі білім басқармасының маманы Гульназ Иманиязова, ХҚФ студенттері қатысты.

4 курс студенттері «Заманауи әлемдегі әйелдердің рөлі» тақырыбында презентация дайындады. Презентация барысында олар Қазақстанға назар аударып, әлемнің түрлі өңірлеріндегі әйелдер жағдайын қарастырды. Студенттер социологиялық сауалнама жүргізді, оның нәтижелері іс-шара шеңберінде ұсынылды. Әлемдегі танымал әйелдер мен олардың жетістіктері туралы дөңгелек үстелге қатысушылармен интерактивті ойын өткізілді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар мен қонақтар Орталық Азиядағы гендерлік теңсіздіктің өткір мәселелерін қарастырып, талқылауға белсене қатысты.

Талқылаудан кейін Ақмарал Хайдарқызы өзінің жеке тәжірибесімен бөлісіп, БҰҰ-дағы әйелдердің рөлі туралы дәріс өткізді.

Фойеде бұл уақытта «Халықаралық қатынастар» мамандығының 2 курс студенттері ұйымдастырған «Әлем тағамдары» қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Барлық қаражат балалар үйіне сыйлықтар алу үшін пайдаланылатын болады.

4-курс студенттері барлық қатысушылар мен қонақтарға алғыстарын білдірді. Іс-шараның соңында фотосуреттер түсірілді.

Басылым күні :  03.12.2017