Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күнін тойлауға шақырамыз!

Ханымдар мен мырзалар!Біз Сіздерді 24 қазанда ҚазҰУ халықаралық қатынастар  факультетінде өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күнін тойлауға шақырамыз. Мерекелік іс-шаралар аясында:- «Біріккен Ұлттар Ұйымы туралы не білесіз?» зияткерлік ойыны;- әлем халықтарының асханасы ұсынатын жәрмеңке;- фотобайқау және сурет сайысының қорытындысын шығару. ОЙЫНДАР ШАРТТАРЫ: 1. Алғашқы қорапта «А» санатындағы сұрақтар болады. Сұраққа жауап берген қатысушы келесі санатқа өтеді, егер ол А категориясындағы сұраққа жауап бере алмаса, ойыннан шығады 2. Екінші жолда B санатындағы сұрақтарға жауап берген қатысушы келесі деңгейге өтеді, егер ол жауап бермесе, ол резервте қалады 3. Үшінші С санатындағы сұрақтар, барлық сұрақтарға жауап берген қатысушылар сыйлық таңдауға құқығы бар, сұраққа жауап бере алмаған қатысушылар  жұбанышты жүлде алады және резервке өткізіледі! 4.Резерв мүшелері өздерінің таланттарын көрсетулері және аудиторияны таңдандырулары тиіс, қазылар алқасы мен көрермендерден ең көп дауыс жинаған қатысушы жеңімпаз атанады) 

ӨТКІЗУ ЖЕРІ: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қарасай батыр, 95, Халықаралық қатынастар факультеті, бірінші қабат. 

УАҚЫТЫ: 13.00. Ұйымдастырушылар: Деловарова Лейла Федоровна, БҰҰ Орталығы, Халықаралық қатынастар және Әлемдік экономика кафедрасы

Басылым күні :  24.10.2017