"Полигон - 29 тамыз" қоғамдық қорының Президентімен өткен кездесу

15 қараша 2016 жыл - "Полигон - 29 тамыз" қоғамдық қорының Президенті Нурлан Кешримович Бозтаев мырза оқытушылар М.Ауган  және Г. Ракымжан шақыруы бойынша  Əл-Фараби Қазақ ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультетінің 3, 4 курс студенттерімен кездесіп, өте қызықты дəріс оқыды. Ол Қазақстанның ядролық қарусыздану жəне таратпау саласындағы атқарып жатқан жұмысы бойынша өзінің қайталанбас білімі жəне тəжірибесімен бөлісті жəне осы аяда жасап жатқан өз жұмысы жайлы баяндап берді. Студенттер ҚазҰУ жəне Қазақстандағы түрлі мемлекеттердің дипломатиялық өкілдерімен серіктестікте өткен Халықаралық конференция жайлы видео көріп, өз ойларымен бөлісті.

Басылым күні :  20.11.2016