«G-Global» интерактивті алаңы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Бір белдеу – бір жол» саясатының экономикалық моделі

2016 жылдың17 қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Халықаралық қатынастар» факультетінің «Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика» кафедрасы «G-Global» интерактивті алаңында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Бір белдеу – бір жол» саясатының экономикалық моделі атты онлайн видеоконференция өткізеді.

Онлайн видеоконференцияның мақсаты– қазақстандық сарапшы аудиторияны масштабты трансеуразиялық «Жібек жолының экономикалық белдеуі» жобасын дамыту мен жүзеге асыру бойынша ҚХР саяси және экономикалық ұстанымдары мен көзқарастарын және атқарылған жүмыс нәтижесімен таныстыру.

            Видеоконференцияның қарастыратын мәселелері:

- «XXI ғасырдың жібек жолы мен теңіз жолының экономикалық белдеуі» және оны жүзеге асырудың алғашқы нәтижелері;

- Қытайлық экономикалық бастаманы іске асыруда қауіпсіздік шарттарын қамтамасыз ету мәселесі;

- Жаңа Жібек жолында қазақстан-қытайлық қарым-қатынас мәселелері;

- Жобаның іске асуының энергетикалық аспектілері.

Онлайн видеоконференцияның қатысушылары: ППҚ, студенттер, магистранттар және Халықаралық қатынастар факультетінің «Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика» кафедрасының жас ғалымдары

Өтетін орны: Алматы қ., әл- Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, ректорат, 306- кабинет, сағат

15. 00 (Астана уақыты бойынша)

Қосымша сұрақтар бойынша тел. + 7 (727) 243- 83- 27,

Моб.: 8 701 713 6268 Дабылтаева Назым Есбергеновна, nazym62@mail.ru

Құрметпен, Ұйымдастырушы Комитет

Басылым күні :  15.11.2016