«Студенттік G20 мини-моделінің І Саммиті»

2016 жылдың 8 қараша күні халықаралық қатынастар факультетінде «Айналаңды нұрландыр» жобасының аясында «Тинберген» саяси-экономикалық клубы жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне арналған «Студенттік G20 мини-моделінің І Саммитін» өткізеді. Саммит қатысушылары «Әлемдік экономика» мамандығының 3-4 курс студенттері болып табылады. Саммит нәтижесі ретінде «Студенттік G20 мини-моделін құру туралы» Декларация жариялау жоспарлануда. Саммит ұйымдастырушылары «Тинберген» саяси-экономикалық клуб жетекшісі, э.ғ.д., профессор Р.Е. Елемесов, э.ғ.к., доценттер А.М. Мырзахметова, Н.Е. Дабылтаева, А.Б. Бекмухаметова, 2 курс докторанты, аға оқытушы Ж.А. Оспанбаев.

Басылым күні :  11.11.2016