«Қазіргі таңдағы БҰҰ-ның алатын орны мен тұрақты даму мәселелері» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Халықаралық қатынастар факультетіне қарасты, Біріккен Ұлттар Ұйымы  бастаған «Academic Impact» атты  тұрақты даму идеясының  глобальды торабы  болып табылатын, БҰҰ Аймақтық  Өзара Ықпалдастық  Орталығы,  26 қазан  2016 жылы  сағ. 14.00 халықаралық қатынастар факультетінде «Қазіргі таңдағы  БҰҰ-ның алатын орны мен тұрақты даму мәселелері» атты  БҰҰ-ның 71 жылдығына арналған дөңгелек үстел іс-шарасын өткізді.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – бүгінгі қоғамның бейтарап ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымының атқаратын қызметіне жастардың назарын аудару әрі тұрақты мақсаттарды орындау барысында атқарылатын жұмыстарға талдау жасай отырып, ақпарат тарату. Сонымен қатар, жиналыс барысында БҰҰ Өзара Ықпалдастық Орталығының,  тұрақты даму мақсаттарын іс-жүзіне асырудағы нақты жасалған шаралар мен қадамдар туралы видео таныстыру көрсетілді.

1948 жылдан бері әр жылдың 24 қазаны  БҰҰ күні болып аталынып келеді.  1971 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының  қабылдаған шешімінде, барлық мүше мемлекеттерге  аталмыш күнді республика деңгейіндегі мереке ретінде тойлауға кеңес берілді.

Дөңгелек үстелді өткізуге  БҰҰ мен академиялық қауымдастық  өкілдері,  оқытушылар мен студенттер арнайы шақырылды. Қазақстандағы  БҰҰ Ақпарат Департаментінің  өкілі  Властемил Самек мырза,  БҰҰ гуманитарлық мәселелер басқармасының өкілі Зарина Нурмухамбетова ханым және Ален Куспанов дөңгелек үстел шарасына қатысты. Сондай-ақ, халықаралық қатынастар факультетінің деканы Шакиров Кәрімжан Нұрымұлы мен деканның ғылыми-инновациялық қызметі жөніндегі орынбасары Лейла Деловарова ханым болды. Дөңгелек үстел барысында ауқымды мәселелер жөнінде сөз қозғалды. Қазақстанда Тұрақты Даму мәселелерінің іске асырылуы туралы мағлұмат берілгеннен кейін, студенттер өз ойлары мен көзқарастарын білдіре отырып, келген қонақтармен сұхбат жүргізді.

Басылым күні :  28.10.2016